"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » 5-наурыз күні 3 «Б» сыныбында «Ыбырай Алтынсарин әңгімелері бойынша оқушыларды еңбекке баулу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
16
март
2024

5-наурыз күні 3 «Б» сыныбында «Ыбырай Алтынсарин әңгімелері бойынша оқушыларды еңбекке баулу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды Ыбырай шығармашылығымен таныстыру, әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке,еңбекке баулу.
“Даналық мектебінің” әжелер кеңесінің мүшесі, қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болған зейнеткер –ұстаз Омарова Анар Тұрысбекқызы тәрбие сағатының қонағы болды.
Анар Тұрысбекқызы тәрбие сағатын қоңырау үнімен бастады, оның мәнін қазақ даласына алғаш қоңырау үнін естітіп, мектеп ашқан тұлға Ыбырай Алтынсарин екендігімен түсіндірді. Тәрбие сағаты барысында «Топтық жұмыс», «Артық сөзді тап», «Адасқан сөздер» әдістерін қолдану арқылы оқушыларды тәрбие сағатының ырғағына ілестіріп, сатылап мәтіндерді талдап, негізгі ойын анықтап, өз ойларын ортаға салуға жол ашты. Ыбырай Алтынсаринның еңбектерінен жинақталған «Кел, балалар, оқылық!» атты көрмеге оқушылар мен қонақтар ерекше қызығушылық танытты.
Ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын бойына сіңірген мұндай жобалардың жиі ұйымдастырылуы оқушыларға білімді үйретіп қана қоймай, өмірге баулып, адамгершілік, еңбекқорлық секілді асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге көмектесері сөзсіз.
3 «Б» сыныбының жетекшісі: Шумакова Салтанат Райхановна
ссылка1
ссылка2
ссылка3
ссылка4​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив