20
март
2024
18.03.2024 күні “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ 2 “Г” сыныбында “Қош келдің , Әз-Наурыз!” тақырыбында Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты өтті.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы- Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту мақсатымен “Әжем, анам және мен” отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 4 кезеңңен тұрды. 1-ші бөлім “Менің жанұям” деп аталды. Бұл бөлімде қыздар бейне презентация арқылы өз жанұяларымен таныстырды. 2-ші кезеңде жанұялар өнер көрсетті. Келесі кезеңде әжелер мен аналар ұлттық дәстүрді ұлықтау мақсатында салт-дәстүрден көрініс көрсетті. Сайыс соңында отбасылар ұлттық тағамдар дайындап, шашу шашты. Мерекелік тәрбие сағаты аталардың батасымен аяқталды.
Сынып жетекшісі: Кныбаева М.К.
ссылка1Сынып жетекшісі: Кныбаева М.К.
ссылка2
ссылка3
ссылка4
ссылка5
ссылка6
ссылка7
ссылка8
ссылка9
