17
апрель
2024
10.04.24 күні 9- сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті.
Сынып жетекшілер күн тәртібіндегі мәселелерді толық қарастырды. Ата-аналарға қолдау көрсету орталығының бағдарламасына сәйкес “Жасөспірімдердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер” тақырыбында ата-аналармен пікір алмасты. Берілген жағдаяттық тапсырмалардың шешу жолдарын ата-аналар өздері ұсынып отырды. Топтық жұмыс арқылы бейнежазбадағы ақпараттарды қорытындылап, жасөспірімдер арасындағы қарым- қатынастардың ерекшеліктері туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар 3-тоқсан қорытындысы, ішкі тәртіп ережесі, жаз айындағы оқушылардың демалысы, қауіпсіздік ережелері, БЖБМ, қорытынды аттестаттау емтихандары туралы мәселелер де қарастырылды.
ссылка1#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#Атааналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
#АПҚО_Абай_облысы_Семей


