09
ноябрь
2024
Гимназияда мектеп Парламенті мен "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерінің отырысы өтті.
Отырысқа гимназия әкімшілігі, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, 8-11 сынып активтері қатысты. Жиын қатысушыларына мектеп Парламентінің президенті Төкенов Еділ мен "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы Узбекова Аружан атқарылған жұмысқа талдау жасап, алдағы уақытта жүргізілуі қажет жұмыс бағытарымен таныстырды.
2023-2024 оқу жылында өткен сайлауда дауыс берушілер санынының басымдылығымен Төкенов Еділ Парламент президенті болып сайланған болатын. Мектеп парламентінің президентін сайлау ережесіне сай президенттің өкілеттілік мерзімі - 2 жыл. Ережеде көрсетілген құқығына сәйкес Төкенов Еділ өз қалауымен президенттік өкілеттілігін ұзартуға өтінішін білдірді.
Сонымен қатар, «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Узбекова Аружан өз қалауымен мектеп парламентінің фракциясына өту ниетін білдіргендіктен, орынбасары 9 «В» сынып оқушысы Төлеуғазы Ұлжанды ұйымның Ұланбасы ретінде тағайындау ұсынылды.
Ашық сайлау қорытындысына сәйкес Төкенов Еділдің президенттік өкілеттілігі ұзартылып, Ұланбасы болып Төлеуғазы Ұлжан сайланды.

#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#парламент37
#жасұлан37
ссылка1