18
ноябрь
2024
2023-2024 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Біртұтас тәрбие аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы инновациялық жобасы жүзеге асуда.
Жобаға сәйкес Абай облысы Білім басқармасының Облыстық инновациялық әдістемелік орталығының №128 бұйрығына орай «Ы.Алтынсарин атындағы 37 гимназияда 2023 жылы 19 қазандағы 106 бұйрығы бойынша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылып, жұмысын бастап кетті.
Жоба арқылы ата-аналарға тұрақты негізде педагогикалық қолдау көрсетілу мақсатында ата-ана мен мектеп арасында тығыз байланыс жасалған. 1-11 сыныптарға арналған сабақтар белгіленіп, 2023 жылы «Даналық мектебі» клубы құрылды.
Біртұтас тәрбие – адами және ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарлама. Мақсаты – баланың бойына жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтарды сіңірген білімді, білікті ұрпақты тәрбиелеу.
Соған орай мектепте біршама жұмыстар жасалған. Бүгінгі облыстық шарада гимназия ұжымы “Даналық мектебінің” құрамындағы ата, әже, әке, аналармен бірлесе отырып, құндылықтарға негізделген іс-шараларды көрсетті.

ссылка1
ссылка2
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей
#апқо_абай_облысы_семей