"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Жетістікке жету – өз қолыңда!
31
январь
2025

Жетістікке жету – өз қолыңда!

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Жеңіске жету траекториясы» атты облыстық онлайн-кездесуге гимназиямыздың дарынды оқушылары мен жетекшілері де белсене қатысты.

Оқушыларымыздың атынан пікірсайыс чемпионатының жеңімпазы Қасенова Кәусар сөз сөйлеп, “Білімдіден шыққан сөз” тақырыбында мазмұнды баяндама оқыды. Ол өз жеңістік жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, білімнің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі Бинұр Ахатқызы дарынды оқушыларды жан-жақты қолдау тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, олардың жетістікке жетуіне қалай бағыт беруге болатынын айтып өтті.

Гимназиямыз «Дарын» орталығына ерекше алғысын білдіреді! Осындай жобалар оқушылар мен ұстаздар үшін мол мүмкіндік беріп, тәжірибе алмасуға, жетістіктермен бөлісуге және жаңа білім көкжиегін ашуға жол ашады.

Бұл кездесу жас дарындардың жігерін оятып, жаңа мақсаттарға жетелейтін ерекше мотивацияға айналды. Гимназиямыз оқушыларына сәттілік тілейміз және биік шыңдарды бағындыруға әрдайым қолдау көрсетеміз!
ссылка 1​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив