25
сентябрь
2025
Қайырымдылық – жүректен! Қарттар күні қарсаңында "Қамқор" жобасының аясында 7 "Ә", "Б", "Г" сыныптарының белсенді еріктілері игі іс жасады.
Олар еңбек ардагері, қадірлі ұстазымыз Лукин Михаил Федоровичтің үй ауласын тазалап, көмек көрсетті.
Бұл – тек еңбек қана емес, үлкенге құрмет, кішіге үлгі болатын игі іс.
Ұстазымыз алғысын білдіріп, оқушыларға ақ батасын берді. Осындай шаралар жас ұрпақтың жүрегіне мейірімділік пен ізгілікті ұялатады.
Ардагер ұстазымызға көмек көрсеткен оқушыларға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен құрметтеріңіз – нағыз адамгершіліктің үлгісі.
ссылка1