13
май
2023
Гимназиямыздың «Өнерге қанат қаққандар» үйірмесінің әншісі, 8 «В» сынып оқушысы Ерешов Мейіржан
Алматы қаласында өткен Республикалық «Жарқын Болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VІІ Халықаралық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында «Вокал» жанры бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, “Бас жүлде” жеңіп алды.
Талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық еңбек жолында жас ұрпақтың бойына азаматтық, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие қалыптастырғаны үшін жетекшісі Райхан Мырзахметовна дипломмен марапатталды.
Жас таланттың шынайы қолдаушысы - ата-анасына, жетекшісіне айтар алғысымыз шексіз.
Мейіржанның өнер өлкесінде өз қолтаңбасын қалдырып, ән әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенеміз!
Жүлде құтты болсын!
ссылка1Талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық еңбек жолында жас ұрпақтың бойына азаматтық, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие қалыптастырғаны үшін жетекшісі Райхан Мырзахметовна дипломмен марапатталды.
Жас таланттың шынайы қолдаушысы - ата-анасына, жетекшісіне айтар алғысымыз шексіз.
Мейіржанның өнер өлкесінде өз қолтаңбасын қалдырып, ән әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенеміз!
Жүлде құтты болсын!



