15
май
2023
2-4 сынып оқушыларына арналған "Бастау" Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі Семей қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті.
Турнирдің мақсаты-математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету. Турнир қорытындысы бойынша "Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ-ның командасы БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды. Олар: 4 "Ә" сынып оқушысы Тұрлыбек Фархад, 3 "Б" -Кусманов Елназар, 2 "В"-Ерлан Раяна. Дайындаған пән мұғалімдері: педагог-зерттеушілер Азаматова Асем Мукановна, Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызы, Чегебаева Умутнур Курмангазиевна. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға сапалы, жоғары деңгейде дайындағаны үшін ұстаздарымызға, қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға АЛҒЫС білдіреміз!






