23
апрель
2024
«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы мен Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен
2024 жылдың 19 сәуірінде 3-4 сынып оқушыларына арналған «АЛТЫН САҚА» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға гимназиямыздың қалалық кезеңінің жеңімпазы болған 4-сынып оқушысы Кусманов Ельназар мен 3-сынып оқушысы Мұратов Ерасыл қатысты. Олимпиаданың қортындысы бойынша 4-сынып оқушысы Кусманов Ельназар І орын, жетекшісі Г.Қ.Нұрғабиева, 3 сынып оқушысы Мұратов Ерасыл ІІ орын, жетекшісі Л.С.Калиева иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Үлкен жауапкершілікпен дайындаған ұстаздарымызға, оқушыларымызға қолдау көрсеткен ата - аналарға АЛҒЫС айтамыз!!! 






