16
октябрь
2024
«Математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған» облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі 2024 жылдың 14 қазанда өтті.
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ қарасты білім беру мекемелерінің математика және информатика пәні мұғалімдері арасында «Математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған» облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі 2024 жылдың 14 қазанда өтті. Олимпиадаға 62 мұғалім қатысып, қорытындысы бойынша гимназиямыздың математика пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші Баймағанбет Жадыра Көшербаевна 2 жүлделі орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!!! Облыстық кезеңге СӘТТІЛІК тілейміз!!!


