30
май
2025
2025 жылдың 23 мамырында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту және заманауи педагогикалық әдістерді насихаттау мақсатында “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2025” байқауының облыстық кезеңі онлайн өткізілді.
Бұл байқау бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты педагогтарды анықтауға, олардың оң әлеуеті мен кәсіби имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. ОБЛЫСТЫҚ байқау нәтижесінің қорытындысы бойынша І орын иеленген әріптесіміз, педагог-зерттеуші Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шығар шыңдарыңыз биік болсын!

