27
август
2020
Гимназия ұстаздары білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау сабағын қашықтан өткізуде.
25.08.20 ж күннен бастап, гимназия ұстаздары «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау сабағын өткізу Тұжырымдамасына» сәйкес оқушылармен қашықтан сабақ өткізуде. Өткізу форматы : Қашықтан оқу форматында оқу процесі интернет-платформаларды пайдаланумен ұйымдастырылады. Сабақ асихронды форматтағы басымдықпен өтеді. Сондай-ақ сабақтарды екі форматты да пайдаланумен өтуге болады. Синхронды форматта оқыту интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді. Сабақтың асинхронды форматы - бұл одан әрі мұғаліммен кері байланыс үшін өз бетінше оқуға контенттен және оған берілген оқу тапсырмаларынан тұратын интернет-платформалары арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуін көздейді.

