03
февраль
2020
«Қызықты биология-2020» атты қалалық олимпиада
Облысытық балалар биологиялық орталығында осы жылдың 27 мен 31 қаңтар аралығында 5 - 8 сынып оқушылары арасында биология пәні бойынша «Қызықты биология-2020» атты қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - биология және жаратылыстану пәндері бойынша дарынды балалардың білім деңгейінің дамуы үшін шығармашылық алаң ұйымдастыру.
Олимпиадаға 41 қала және қала маңайындағы ауыл-аймақтың жалпы орта білім беретін мектептерінен 236 оқушы қатысты.
Олимпиада сұрақтары 3 кезеңнен тұрды: 1- кезең тест сұрақтары, 2- кезеңде ашық сұрақтар, 3-кезеңде логикалық сұрақтар - оқушылардың экологиялық тұрғыдағы ой-өрісін анықтау.
Осы олимпиада да 6"Д" сынып оқушысы Болатхан Аружан жүлделі І- орынға ие болды