25
ноябрь
2022
#ғылымижоба37гимназия
2022 жылдың 23 қарашасында Семей қаласындағы «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңіне 13 оқушымыз қатысып, барлығы да жүлделі орынға ие болды!!! 1 орын - 4 оқушы, 2 орын - 5 оқушы, 3 орын - 4 оқушы. Осындай жоғары нәтижеге жету үшін үлкен жұмыс жасаған оқушыларымыз бен жоба жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Алдыдағы 2 турға жауапкершілікпен қарап, мықты дайындалып, республикаға жолдама алуларыңызға тілектеспіз. СӘТТІЛІК🌹🌹🌹

