"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

Гимназияның оқу жетістіктері (қала, облыс, республика, халықаралық)
25
май
2020
Гимназияның оқу жетістіктері (қала, облыс, республика, халықаралық)
БАР ІЗГІЛІК ТЕК БІЛІМНЕН АЛЫНАР,  БІЛІММЕНЕН АСПАНҒА ЖОЛ САЛЫНАР                                                                                             Ж.БАЛАСАҒҰН ссылка
Облыстық кешенді олимпиада жеңімпазы
18
апрель
2020
Облыстық кешенді олимпиада жеңімпазы
      2020 жылдың 17 сәуірінде 5-6 сынып оқушылары арасында облыстық кешенді олимпиада өткізілді. Олимпиада онлайн режимде математика және жаратылыстану пәндерінен өтті.       Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетудің инновациялық даму жүйесін жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, облыстық олимпиадалық резервті қалыптастыру.       Гимназиядан олимпиадаға қатысып II-орынды иеленген 6-сынып оқушысы Байботаев Нұрали. Дайындаған ұстаздары:
Облыстық биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өткен ғылыми практикалық сайыс
13
март
2020
Облыстық биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өткен ғылыми
Облыстық биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен өткен ғылыми практикалық сайыста ІІ орын алған 6-сынып оқушысы Болатхан Аружан және ІІІ орын Құдайбергенов Ернұрды құттықтаймыз! Жетекшлері: Биология пәні мұғалімдері Жаспанова А. Д. Вегера Ермакқызы
Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері
05
март
2020
Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері
2020 жылдың 28 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына Семей қаласынан гимназияның 11-сынып оқушысы Нуралдинова Маржан қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және қола алқа иегері болды. Жетекші ұстазы, математика пәнінің мұғалімі Сағатбекова Жанар Қалиханқызы. Құттықтаймыз!!!                            
Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» «Robotime» атты оқушылар арасында жарыс өтті.
25
февраль
2020
Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында»
16-17 күні  Семей қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» «Robotime» атты оқушылар арасында жарыс өтті. Осы жарыста №37 гимназиясының 6-сынып оқушысы Ақарыс Серікқазы «сумо+10» бағыты бойынша   III-орын иеленді, жетекшісі Алмат Хамитов. 8-сынып оқушысы Ернар Сакенов «Шагающие Сумо+14» бағыты бойынша III-орын иеленді, жетекшісі Мадина Шәріпханқызы Серикбаева
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс" номинация иегері атанған Акатаева Айымды құттықтаймыз!
22
февраль
2020
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс"
Қалалық "Мектеп аруы-2020" байқауына белсене қатысып, "Вице мисс" номинация иегері атанған Акатаева Айымды құттықтаймыз!
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында ұйымдастырылған "Ұлы даланың ұланымын"
22
февраль
2020
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында ұйымдастырылған "Ұлы даланың ұланымын" атты "Жас сарбаз" әскерилендірілген сыныптар арасында өткен жарысқа белсене қатысып, жүлделі І орын иеленген Молдағалиев Есдәулет және ІІ орын алған Төлеутай Жантасты құттықтаймыз!
"Ұрпаққа сара жолын салған дана" атты қалалық Абай оқуларына белсене қатысып, "Жас ақын" номинациясын иеленген
21
февраль
2020
"Ұрпаққа сара жолын салған дана" атты қалалық Абай оқуларына белсене
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Innovative college" мекемесі ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасындағы "Ұрпаққа сара жолын салған дана" атты қалалық Абай оқуларына белсене қатысып, "Жас ақын" номинациясын иеленген Сақыпджанов Серікжан және дәл осындай мәтінде жүлделі ІІІ орын иеленген Мұратова Нұрайды құттықтаймыз!!! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғалия Мубараковна
НЗМ Олимпиада жүлдегерлері
17
февраль
2020
НЗМ Олимпиада жүлдегерлері
15 ақпан күні Семей қаласының НЗМ ұйымдастырған Нұрсұлтанов атындағы ІІ облыстық олимпиадасында гимназия оқушылары Габидуллаева Карина ІІ орынды, пән мұғалімі Мусина Гүлназ Викторовна, Алепаров Бейбарыс ІІІ орынды иеленді, жетекшісі Ибраева Тендік Серікжановна