17
ноябрь
2024
14.11.2024ж. күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ -де 8 сыныптар бойынша ата--аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасына сәйкес, «Әкелік – бала бақытының қайнар көзі» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізіліп, ата -аналар бейнематералды көріп, әкенің отбасындағы рөлі туралы ойларымен бөлісті. Екінші мәселе бойынша сыныптағы мамандық бойынша заң саласында жұмыс жасайтын ата- аналар құқықтық жаппай оқыту мақсатында (ҚР ҚК 194 бап, 294 бап, 435, 442 баптары, ҚР ӘК 434 бап ), бопсалау,вандализм, былапыт сөйлеу, жасөспірімдердің жауапкершілік баптары туралы таныстырылым жасап, кеңестер беріп, жадынамалар ұсынды. Үшінші мәселеде, сынып жетекші оқушылардың І тоқсан оқу үлгерімі және тәрбие процесі бойынша қорытынды жасап, балалардың жетістіктеріне тоқталды. Жиналыс соңында ата - аналар "бір кәсе шай" әдісімен кері байланыс жасады.
#апқо_абай_облысы_семей
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#апқо_абай_облысы_семей
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы

















