03
ноябрь
2024
2024 жылдың 1-2 қарашасында Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының Республикалық балалар көшбасшыларының құрылтайы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты жастар мен мәслихат өкілдері арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуы үшін жағдай жасау болды.
Құрылтайға Абай облысы оқушыларының атынан «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ 10 "А" сынып оқушысы, гимназиямыздың Парламент президенті Төкенов Еділ Ролланұлы қатысып, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының бүгінгі ұрпақ тәрбиесі жолындағы жұмысына талдау жасап, Абай облысында жүзеге асырылуы мен жеткен жетістіктерін баяндап берді.
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Қазақстанның жас көшбасшылары әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен өткен кездесу оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Сол сияқты түрлі мәдени, рухани және шығармашылық орталықтардың жұмысымен танысып, "АСТАНА" телеарнасы тілшілерімен кездесті.
"Көшбасшы шеберханасы" тақырынбында оқушылардың дамуына жол ашатын түрлі тренингтер жүргізілді.
Екі күнге созылған Республикалық құрылтай жас көшбасшыларға бойларына жиған мол тәжірибелерін облыс аумағында жүзеге асыруға жол ашты.
Біз, гимназия ұжымы, Еділдей белсенді, білімді шәкіртімізбен мақтанамыз. Алда талай биіктерді бағындырып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз.

#abai_bilim_basqarmasy
#парламент37
#біртұтастәрбиеАбайоблысыСемейқаласы