21
февраль
2025
Гимназия қабырғасында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық әдістемелік қолдау орталығының” әдіскер психологтары 9 сынып оқушыларына
« Буллингтің түрлері және олардың салдары» тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты оқушылар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Кездесу барысында оқушылармен «Менің жеке шекарам» , «Оның есесіне мен...» жаттығулары өткізіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. 
