11
октябрь
2022
Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында педагог-психолог 5 сынып оқушыларымен ертегі терапиясын өткізді.
Ертегілердегі кейіпкерлер бейнесі мен бастан кешкен оқиғалары әртүрлі болды. Оқушылар достық, адамгершілік, бауырмалдылық, қиын қыстау сәттерде көмектесетін кейіпкерлердің бейнесін ашуға тырысты. Оқушылар ертегілерді құрай отырып, кейіпкерлердің тәртібін және әрекеттерін бағалап, олардың рөлдерін қабылдау арқылы ертегі кейіпкерлері мен өздерінің арасындағы ұқсастықты анықтауды үйренеді. #психолог

