22
октябрь
2022
«ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ» атты тренинг
Гимназия қабырғасында 25 қазан – Республика күніне орай 9 сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу мақсатында «ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ» атты тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар «Мен үшін Көшбасшы кім?» тақырыбында постерлер жасап қорғады. Гимназия педагог-психологтары «Ипподром», “Бағдарлама жүргізушісі”, «Естелік» және т.б. жаттығуыларын жүргізді. #психолог


