27
октябрь
2022
8 сынып оқушыларына «Жақсылық жасау әр адамның ісі» атты тренинг өткізілді.
Гимназия қабырғасында «29 – қазан – Қамқоршылар күні» қарсаңында оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір- біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту мақсатында 8 сынып оқушыларына «Жақсылық жасау әр адамның ісі» атты тренинг өткізілді. Тренинг басында оқушылар жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып, жақсылықты жасау, оны қолдау, жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін өздері атап өтті. Педагог-психолог: Серікқалиева Ш.С., Қызылбалаева Н.М. Әлеуметтік педагог: Сайлауғазина М.Ж. #психолог #kopd_mon_rk

