05
январь
2025
30-желтоқсан күні мектеп Парламенті мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қаламыздағы жетім балаларға арналған мектеп-интернатына барып қайтты.
Басты мақсат - ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалардың көңілін аулап, Жаңа жыл мерекесімен құттықтау.
Бұл мекемеде 1-10 сынып жасындағы жалпы саны 59 бала тәрбиеленсе, оқушыларымыз өздерімен қатарлас 8-10 сынып тәрбиеленушілерімен танысып, өзара әңгімелесіп, дайындап келген ойындарын ойнатты.
Бір-бірімен танысып, Жаңа жылдық жақсы тілектерін айтқаннан кейін ұйым мүшелері гимназия оқушыларының атынан сый-сыяпаттарын табыстады.
Кездесу соңында балалар интернат ішін аралатып, жатын және оқу бөлмелерін көрсетіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалатты.
Жаңа жыл қарсаңында біздің оқушыларымыз бір сауапты іс жасап, жетім балалардың көңілін көтеріп, естен кетпес әсерге бөленді.
Естеріңізге салсақ, бірінші тоқсанда 8-9 сынып оқушылары "Күз байлығы" атты күзгі өнімдер жәрмеңкесін өткізіп, 43.590 теңге жинап, игі іске жұмсауды жоспарлаған болатын. Осы қаражат есебінен мектеп-интернаттың 19 тәрбиеленушісіне сыйлық жасалды.
Осындай қайырымды іске үлес қосқан әрбір гимназия қызметкерлеріне, оқушыларына алғыс білдіреміз. Қайырымдылық жүректе.
Ұйымдастырушы: аға тәлімгер, педагог-ұйымдастырушы