09
октябрь
2023
2023 жылдың 9 қазан күні Семей Медицина Университетінің «Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің» әдіскерлері Кайгельдина Сауле Аспановна мен Ажарова Арайлым Кайратовна 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – Университеттің мамандықтары туралы, оқуға түсу жолдары, Medical Foundation дайындық курстары, бөлінетін гранттар, шекті ұпайлар, әскери кафедра туралы ақпарат беру. Оқушыларға Университет жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар оқуға түсу бойынша сұрақтар қойып, жауап алды. Ұйымдастырушы: педагог-кәсіби бағдар беруші Хамитова Айгерим Канатовна 

