30
апрель
2025
“Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы” КММ Абай облысы Білім басқармасы “Көлік колледжі” КМҚК-мен кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында колледждің білім беру бағдарламалары, мамандықтар және оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беріліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіптік жолды таңдауға көмек көрсетілді.

