31
май
2023
2023 жылдың 31 мамыры күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ- нің 4 сыныптарында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша сынып жетекшілер 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен таныстырды. Оқу-тәрбие процесі бойынша ғылыми-жобалар, олимпиада, интеллектуалды сайыстар, шығармашылық, спорттық жетістіктер, жалпы гимназияішілік іс-шараларға білім алушылардың қатысуы туралы хабарлама жасалды. Білім алушыларға гимназияішілік жазғы «Балауса» лагерінің жұмысы туралы ақпарат берілді.«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазғы демалысқа білім алушыларға әдебиеттер тізімі ұсынылды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың демалыс кезіндегі денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау жайлы топта талқылап, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сынып сағатының соңында оқу жылын үздік бағамен аяқтаған оқушылар Мақтау қағазымен марапатталды.





