19
апрель
2024
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясында “Таза өлке” бағытында “Туған өлкем Семейім” Қалалық экосағат бойынша 19-сәуір күні 2 “Ә” сыныбында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты экологиялық мәселелердің туындауын және оның адамзатқа тигізер кері әсерін ұғындыру және қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Ең алдымен, балаларға психологиялық ахуал ретінде «Shopping» ойыны ойнатылды. Ойынның шарты бойынша оқушылар өздерінің жаман қасиеттерін сатып, басқа оқушыдан жақсы қасиеттерді сатып алды. Психологиялық ахуал жүргізілгеннен кейін оқушылар «Су. Ауа. Топырақ» атты 3 топқа бөлінді. Тәрбие сағатының мәнін ашу үшін YouTube платформасынан видео сабақ қаралды. Осы видео сабақ бойынша сұрақтар қойылып оқушылар табиғат туралы ойларын айтты. Суретпен жұмыс жасау арқылы «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі жүргізілді. Әдістің мақсаты - әрбір топқа берілген суретті толықтай баяндап беру.
Артынан оқушыларға сергіту сәті жүргізілді. Сергіту сәті аяқталған соң «9 Гаухар» әдісі қолданылды. Бұл әдісте 9 сөйлем беріледі. Әр топ сөйлемдерді өзара ақылдаса келіп, маңыздылығына, өзектілігіне қарай, жоғарыдан төменге ромб тәрізді етіп, қойып шықты. Қорытынды бөлімде оқушылармен бірге табиғат туралы өлең шумақтарын бірге айтты. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті.
Сынып жетекшісі: Каспакпаева Ж.С.
#экосағат
#экосағаттуғанөлкемсемейім
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы