08
май
2025
Ұлы Отан соғысынының 80 жылдық мерейтойы қарсаныңда 3 «Г» сыныбында «Мәңгілік ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, оның ел тарихындағы орны мен маңызы туралы мәлімет берілді. Балалар қазақтың батырлары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ержүрек жауынгерлердің ерлігімен танысып, олардың өмірі мен батырлық жолы жайлы мәліметтер айтты.
Оқушылар алған білімдеріне байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Балалар соғысқа қатысқан аталары туралы естеліктерімен бөлісті.
Сынып сағатының соңында оқушылар «Мәңгілік елдің ұрпағымыз» атты әнді орындап, бейбітшілік пен ел бірлігі туралы тілектерін жеткізді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ерлікке тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға мүмкіндік беретін тағылымды мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сынып жетекшісі: Кныбаева М.К.