07
март
2016
Бәтташ Сыдықұлы атындағы шешендік сөз өнері орталығының ашылу тарихынан
Шешендік өнер – ұлттық асыл қазына
2016 жылдың 7 наурызында гимназиямызда «Бәтташ Сыдықұлы атындағы шешендік сөз өнері» орталығы ашылды. Осы салтанатты іс-шараға Бәтташ Сыдықұлының ұрпақтары, жары және қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік шара гимназия директоры Жұмағазы Диярұлы Стамбековтің құттықтау сөзімен ашылды. Ардақты азаматтың елеулі еңбегіне тоқталып, Бәтташ Сыдықұлының бастамасымен 1990 жылы Семей облысының «Қазақ тілі» қоғамының іргетасы қаланғанын, соның нәтижесінде Семей қаласындағы қазақ мектептерінің санын екіден жетіге, жалғыз қазақ балабақшасын 17-ге жеткізуге күш салғандығын атап өтті. Әсіресе, қаланың дәл ортасынан №37 қазақ мектебін ашуға зор ықпал еткендігіне айрықша тоқталды. Келген қонақтар ішінде Бәтташ Сыдықұлының шәкірті, профессор А.С.Еспенбетов, философия ғылымдарының профессоры Ғ.Есімов,филология ғылымдарының профессоры А.С.Еспенбетов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова болды. «Шешендік сөз өнері» орталығының тұсау кесер рәсімі өткізіліп, бұл мәртебелі құрмет Бәтташ Сыдықұлының жұбайы Үміт Өмірбекқызы мен гимназия директоры Жұмағазы Диярұлына берілді.
