«Жас сарбаздар» - болашақ тірегі
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019-2020 оқу жылында Семей қаласының № 37 гимназиясында 5 сынып оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» сыныбы ашылды. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын,