«Жас сарбаздар» - болашақ тірегі
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019-2020 оқу жылында Семей қаласының № 37 гимназиясында 5 сынып оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» сыныбы ашылды.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы бізді қорғады. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс. Бұл бастаманың тек семейлік жастар үшін ғана емес, жалпы, ел болашағы үшін маңызы өте зор. Қазақта «елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Тарихта қайсар мінезбен танылған елміз. Сондықтан да, жастарымызды жақсылыққа, отансүйгіштікке, қайсарлық пен батырлыққа тәрбиелейтін мұндай жобаларды іске асыруға бір кісідей атсалысуымыз қажет деп есептейміз!
«Жас сарбаздар» қаламыздағы «Ерлік және даңқ мұражайына» саяхат жасады.
ҚР ҚМ « Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Семей филиалының ұйымдастыруымен «Әскер – балалар көзімен» атты байқау-конкурсы ұйымдастырылып, бірнеше оқушыларалымыз конкурсқа қатысып мақтау грамоталарымен марапатталды.