Жолдау


«Семей қаласының № 37 гимназиясы ұжымының арасында 2019 жылдың 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауы қызу талқыланды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды. Жолдауда еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік және экономикалық дамуына жол ашып, мол серпін беретін маңызы зор құжат деп есептейміз. Онда ел азаматтарының әлеуметтік мәселелері, жемқорлықпен күрес, халықты жұмыспен қамту, жағдайлары төмен мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау таныту, «Педагог мәртебесі» туралы, ұстаздардың жалақыларының өсуі, волонтерлықты (еріктілер) күшейту және тағы басқа жаңа табысты бастамалар қамтылған.
Жолдауда әсіресе, жоғары оқу орындарындағы білім сапасына ерекше тоқталып, білім беру сапасын одан әрі жақсартуды талап етеді.
Президент Жолдауындағы ұстаздардың жалақыларының өсетіні барша қазақстандық оқу-ағарту саласының қызметкерлеріне қуаныш сезімін сыйлады деуге болады. Ол дегеніміз – педагог мәртебесінің өсуі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруын, Үкіметке келесі жылдан бастап, осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды.
2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Ол дегеніз – қоғамға деген, ортаға деген, туған ел мен туған жерге деген ыстық ықыласты, отансүйгіштікті, ұлтжандылықты көрсетеді.
Президент өз Жолдауында еліміздегі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге, алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін бірге әрекет етуге шақырады.
Бүгінде ынтымақ-бірлігіміздің арқасында ел тәуелсіздігі нығайып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Ендеше, Президентіміздің зор сенім артқан азаматтардың қатарынан көріне білейік.