"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 📢 «Маманға қолдау – білімге болашақ» атты әкімшілік сұхбат
03
сентябрь
2025

📢 «Маманға қолдау – білімге болашақ» атты әкімшілік сұхбат

Бүгін гимназия қабырғасында жаңа оқу жылы қарсаңында конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанып, жұмысқа қабылданған жас педагогтермен кездесу өтті. Жаңадан келген ұстаздарға арналған «Маманға қолдау – білімге болашақ» атты әкімшілік сұхбат ұйымдастырылды.

Бұл кәсіби басқосудың мақсаты – мамандарға бағыт-бағдар беру, тәжірибемен бөлісу, бір-бірін жақынырақ таныстыру және ынтымақты орта қалыптастыру болды.

📝 Сұхбат барысында:
• гимназияның ішкі тәртіп ережелері, педагогикалық этика, педагог мәртебесі және ішкі бақылау жүйесі түсіндірілді;
• кәсіби тұрғыда өсу жолдары жөнінде кеңестер айтылды;
• гимназия психологтары «Әріптесімнің қыры мен сыры» атты тренинг өткізіп, ұжымдық танысу мен жағымды көңіл күйге ерекше назар аударды;
• техникалық қауіпсіздік мәселесі бойынша жауапты тұлға Болат Ғайноллаұлы Нұрикенов мектеп қабырғасындағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде нұсқаулық берді.

✅ Іс-шара соңында жас ұстаздар ашық пікір алмасып, үздіксіз дамуға ұмтылатынын және ең бастысы – шәкірттерді дамытуға күш салатынын атап өтті.

✨ «Ұстаз – ұлттың шамшырағы». Біз үшін әр ұстаздың орны бөлек. Ал жас мамандарға қолдау көрсету – болашаққа салынған ең үлкен инвестиция.

🌿 Барлық ұстаздарымызға жаңа оқу жылында сәттілік, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив