17
январь
2025
Михаил Федорович Лукиннің 95 жылдық мерейтойы: Алғыс хаттар мен кәсіби сұхбат
Шахмат әлемінің жарық жұлдызы, гимназия мақтанышы Михаил Федорович Лукиннің 95 жылдық мерейтойына орай, гимназия директоры мен ұжымы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті. Сапар барысында гимназия директоры Михаил Федоровичке облыс әкімінің, шахмат федерациясының және гимназия ұжымының атынан арнайы алғыс хаттарды табыстады.
Директор сонымен қатар Михаил Федоровичпен кәсіби сұхбат құрып, оның шахмат өнеріндегі мол тәжірибесі мен шәкірт тәрбиелеудегі үздік әдістемелері туралы пікір алмасты. Бұл сұхбат ұстаздар мен оқушылар үшін үлкен тәрбие мен білім көзі болары сөзсіз.
Михаил Федорович өз кезегінде гимназияның шахмат кабинетіне арнап жеке кітаптар жинағынан құнды басылымдарды сыйға тартты. Бұл сыйлық гимназия кітапханасының қорын байытып, шахмат өнеріне қызығатын шәкірттерге үлкен шабыт беретіні анық.
Мұндай кездесу ұрпақтар сабақтастығын, шахматқа деген сүйіспеншілікті және білімнің маңыздылығын одан әрі нығайта түсті.
ссылка 1Директор сонымен қатар Михаил Федоровичпен кәсіби сұхбат құрып, оның шахмат өнеріндегі мол тәжірибесі мен шәкірт тәрбиелеудегі үздік әдістемелері туралы пікір алмасты. Бұл сұхбат ұстаздар мен оқушылар үшін үлкен тәрбие мен білім көзі болары сөзсіз.