"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Шахмат кабинеті – Михаил Лукиннің есімімен аталды
16
январь
2025

Шахмат кабинеті – Михаил Лукиннің есімімен аталды

Гимназия тарихындағы ерекше оқиға – шахматтың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, гимназияда шахматтың бастауын ашқан Михаил Федорович Лукиннің құрметіне шахмат кабинеті оның есімімен аталды.

Шара салтанатты түрде лентаны қиып, кабинеттің жаңғыруымен басталды. Бұл құрмет гимназия дәстүріне сай, Михаил Лукиннің қызы Татьяна Лукинаға және ардагер ұстазымызға берілді. Кабинеттің есімін иеленуі – Михаил Федоровичтің шахмат өнеріндегі еңбегін ұрпаққа үлгі ету және болашақ шахматшыларға шабыт беру жолындағы маңызды қадам.

Кабинет ішінде Михаил Лукиннің еңбектері, шахмат өнеріне қосқан үлесі туралы естеліктер мен суреттер арнайы қабырғадағы шкафқа орналастырылды. Бұл – келешек ұрпаққа оның есімін есте сақтап, шабыт алуға мүмкіндік береді.

Шара барысында гимназия дәстүріне сай арнайы тілектер кітабына жиналған қонақтар мен ұстаздар өз жылы лебіздерін жазып қалдырды. Бұл кітап шахмат кабинетіндегі басты жәдігерлердің біріне айналмақ.

Михаил Федорович Лукиннің есімін иеленген кабинет – шахмат өнеріне құрмет пен гимназия дәстүрлерінің лайықты жалғасы. Бұл жаңалық гимназия оқушылары үшін ерекше шабыт пен мақтаныш сезімін сыйлады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив