"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Шахмат әлемінің дүлділі Михаил Федорович Лукиннің 95 жылдық мерейтойы
16
январь
2025

Шахмат әлемінің дүлділі Михаил Федорович Лукиннің 95 жылдық мерейтойы

Бүгін гимназия қабырғасында шахмат әлемінің дүлділі, ұлы тұлға Михаил Федорович Лукиннің 95 жылдық мерейтойына арналған маңызды іс-шара өтті. Бұл ерекше күн шахмат өнерін дәріптеумен қатар, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында арнайы қонақтар гимназияға ат басын тіреді. Балауса би тобы, өнерге қанат қаққандар ән үйірмесі мен домбыра үйірмесі өз өнерлерін паш етіп, жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі. Іс-шараның басты қонағы – Михаил Федоровичтің қызы, Татьяна Лукина болды.

Шахмат үйірмесі мен Жас ұлан ұйымының мүшелері шахматқа арналған шығармашылық композицияларын ұсынды. Олар шахмат фигураларының мәні мен маңызын өлең жолдарымен жеткізіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

Шара аясында шахмат, тоғызқұмалақ және дойбыдан өткізілген жарыстардың жеңімпаздары анықталды. Ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар арасындағы сайыстарда 1-орынды иеленген ұстаздарды марапаттау құрметі Татьяна Лукинаға берілді.

Мерейтойдың ерекше сәттерінің бірі – гимназия ұстаздарының вальс билеп, Михаил Федорович Лукиннің жастық шағына саяхат жасағандай әсер қалдырғаны болды. Бұл көрініс көрермендердің жүрегінде терең із қалдырды.

Сонымен қатар, шараға гимназияның ардагер ұстаздары қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Михаил Лукиннің еңбегін құрметтеу мақсатында Абай облысы әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды.

Бұл маңызды күн шахмат өнеріне деген құрмет пен шәкірттерге үлгі болатын нағыз тәрбиелік іс-шара болды. Мұндай шаралар гимназия дәстүрін одан әрі нығайтып, болашақ ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз.
ссылка 1
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив