09
апрель
2019
ІІ-дәрежелі диплом
2018-2019 оқу жылының желтоқсан-наурыз аралығында «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» аясында Білім және Ғылым Министрлігінің қолдануымен «Edu Stream» білім орталығы ЖШС, «Express Publishing» шетелдік баспаханасымен біріккен «Химия, биология, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдер арасында бейнесабақ көріністері» бойынша республикалық конкурс ұйымдастырылды. 28-наурыз күні Астана қаласында «Үш тілде білім беруді дамытуда атқарлып жатқан жұмыстардың нәтижесі» тақырыбында конференция өтті, соңында республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Семей қаласының №37 гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Толеубаева Гаухар Толеубайқызы аталмыш конкурста II орынға ие болып, Білім және Ғылым Вице-Министрінің ІІ-дәрежелі дипломымен және алғыс хатымен мараппатталды.