04
сентябрь
2025
2025 жылдың 4-қыркүйегінде «Жас маман – жаңа дәуір маманы» атты жас мамандар мен тәлімгерлердің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына және кадрлық әлеует жасауға көмек көрсету.
Жиын барысында: өткен оқу жылы қорытындыланып, тәлімгерлер бекітіліп, 2025–2026 оқу жылының жұмыс жоспары директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.А. Шыныбекова таныстырды; әр жас маманға тәжірибелі ұстаз тәлімгер ретінде бекітіліп, алдағы уақытта олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға әдістемелік көмек көрсетілетіні айтылды;
мектеп педагог-психологі Ш.С. Серікқалиева тәлімгерлер мен жас мамандарға арналған жұптық жұмыс жүргізіп, пайдалы кеңестер берді.
Әрбір жас мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы – бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені мектептің ең маңызды тұлғасы – Мұғалім.
Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзіне сүйене отырып, отырыс соңында барлық қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, кері байланыс орнатты.