02
март
2025
28.02.2025 ж.”Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы” КММ “Абай әлемі” клубының мүшелері 8-11-сынып оқушылары облыстық ғылыми-әдістемелік “Дарын” орталығының шақыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай
өткен республикалық “Менің сүйікті кітабым -Абай шығармалары” челлендж ашылу салтанатының (ZOOM арқылы) қатысушысы болып,Абай облысының челлендж қабылдауында гимназия директоры Жанат Зейнелевна, саз пәнінің мұғалімі Райхан Мырзахметқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Советхановалардың қатысуымен “Желсіз түнде жарық ай”әнін орындаса, Республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Болатхан Аружан Абай өлеңін оқып, үш тілде Абай қарасөзін мәнерлеп оқудың жеңімпазы Нұрланқызы Мадина қазақ, орыс, ағылшын тілінде Абайдың жетінші қарасөзін мәнерлеп айтты. Сонымен бірге, барлық челлендж қатысушылары
Республикалық “Абайдың қарасөздері -тәрбие қазығы” атты облыстық дөңгелік үстелге қатысып, оқушыларымыз Абай қарасөздерін жатқа сазына келтіре мәнерлеп оқып, өз ойларын еркін білдіріп, Абай қарасөздері туралы мұғалімдер мен ғалым пікірі мен мұражай ғылыми қызыметкерінің ғылыми негізде өзекті ойларын тыңдап, өздеріне мол азық боларлық дүние алып қайтты. “Абай әлемі” клубының жетекшісі: Орынғожина Л.С.
ссылка 1Республикалық “Абайдың қарасөздері -тәрбие қазығы” атты облыстық дөңгелік үстелге қатысып, оқушыларымыз Абай қарасөздерін жатқа сазына келтіре мәнерлеп оқып, өз ойларын еркін білдіріп, Абай қарасөздері туралы мұғалімдер мен ғалым пікірі мен мұражай ғылыми қызыметкерінің ғылыми негізде өзекті ойларын тыңдап, өздеріне мол азық боларлық дүние алып қайтты. “Абай әлемі” клубының жетекшісі: Орынғожина Л.С.
