"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Педагогиқалық кеңес отырысы
05
ноябрь
2021

Педагогиқалық кеңес отырысы


05 қараша күні  гимназия мұғалімдері арасында педагогикалық кеңес онлайн және офлайн режимінде өткізілді. Күн тәртібінде:

1. Оқу  - тәрбие жұмыстарының І тоқсан бойынша қорытындысы. 

2. Мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: «Кибербуллинг», «Буллинг» және «Моббинг».

      І-ші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары В.Е.Азизова оқу саласы бойынша І тоқсан бойынша сараптама жасады. Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысының нәтижесі бойынша оқу пәндерінің білім сапасына мониторинг жасалды.

     2-ші мәселе: Мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: «Кибербуллинг», «Буллинг» және «Моббинг» тақырыбы бүгінгі күнгі өте өзекті тақырыптардың бірі.

Мақсаты: Мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасындағы кибербуллинг,  буллинг және моббингтен туындалатын мәселелерді талқылау және алдын алу іс-шараларына толықтырулар мен өзгерістер ұсыну.

      Кибербуллингнің не екеніне және түрлеріне сонымен  бірге кибербуллингке тап болғанда не істеу керек, ол жолдан қалай шығу керектігі жөнінде психолог М.Ж.Амангелді тоқталып өтті.

Жасөспірімдердің кибербуллинг мінез-құлықтарының ерекшеліктеріне және интернетке жұмсалатын уақыттың салыстырмалы сипаттамасымен педагог-ұйымдастырушы Р.С.Кәрібаев таныстырды, барлық оқушылардан анкета алынып қорытындысы және ата аналардың көзқарасы туралы айтып өтті.

Интернетке тәуелділік туралы  гимназияішілік әлеуметтік зерттеу жасалынып, қорытындысын әлеуметтік педагог М.Ж.Сайлауғазина таныстырды.

     Мектептегі буллингтің пайда болу себептеріне және түрлеріне және педагогтерге арналған жаднама туралы гимназия психологтары Ш.С.Серіккалиева мен Н.М.Қызылбалаева тоқталып өтті.

    Информатика пәні бойынша «Ақпараттық қауіпсіздік» тарауына зерттеудің өзекті мәселе екендігін информатика пәнінің мұғалімі С.Қ.Нұғымарова сөйледі.   Мектептегі әдістемелік кеңес отырысында да осы мәселе талқыланып, қабылданған кибербуллинг және  моббинг туралы барлық бірлестіктердің ұсыныстары таныстырылды. Педагогикалық кеңестегі 2-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Турсумбаева қорытынды жасады. Педагогикалық кеңесті қорытындылай келе қаулы қабылданды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив