«Бейне-сабақ түсіру және өңдеу үлгісі» коучинг




«Педагогикалық идеялар панорамасы» Білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсының Ережесімен және конкурстың мақсаты мен міндеттері, бейнематериалдың мазмұны мен түрі және өткізу тәртібі туралы директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Бейсембаева Нұргүл Бейсенқызы таныстырып өтті. Республикалық конкурс өткізу ережесіне байланысты гимназия мұғалімдерінің арасында «Бейне-сабақ түсіру және өңдеу үлгісі» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингте «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізген «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақ байқауының облыстық деңгейінің І орын иегері, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Толеубаева Гаухар Толеубайқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Коучингте пән мұғалімдері де өз ойларын ортаға салды.