«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы»



«Дарынды ұстаз – дарынды оқушы» нәтижесін медиабілім мүмкіншіліктері арқылы насихаттау
26.02.2020 күні, бүгін Семей қаласының №37 гимназиясында биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуда медиабілім мүмкіншіліктерінің тиімділігін қала мұғалімдеріне іс-тәжірибе тарату мақсатында on – line вебинар болып өтті. Вебинарға қала мектептерінен 50 ден аса мұғалімдер қатысты.
Заманауи үлгіге сай үш тілде сабақ жүргізуде Халықаралық, Республикалық деңгейде конкурстарға қатыстып жүлделі орындарды иеленіп жүрген гимназия ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәнінің мұғалімі Г.Т.Толеубаева, физика пәні мұғалімі А.Б.Бейсенбаева, информатика пән мұғалімі М.Ш. Серікбаева сынды ұстаздар бейне – сабақтарын көрсете отырып, сабақ жүргізуде қолданатын тиімді интербелсенді әдістерді ортаға салды.
CLIL әдістемесі бойынша оқыту тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізуге, болашақ түлектердің тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оқушылармен «Үшт тілде оқыту – оқушы бәсекелестігінің негізі» аясында «Why I am interested in this subject?» тақырыбында бейнероликтер жасалып, республикалық «Ғылым оқушы көзімен» конкурстарында жүлделі орындар алған оқушылардың жұмыстары таныстырылды..
Директордың шет тілдерін оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.Ө.Қармысова