Мектеп – адами капиталды дамытудың негізі. Білім ордасы мен ұстаздар қауымы мықты болса – мемлекет қуатты болады. Жаһандану заман талабы. Рухани жаңғыру мен заманауи жаңару ең бірінші мектептен бастау алары ақиқат. Осындай игілікті бастамалардың бірі бүгінгі таңда гимназия қабырғасында заманауи типтік жобадағы жаңаша бағытта қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Солардың бірі және бірегейі ақпараттық бағыттағы заман талабына сай жасалған стендтер.