Қазіргі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде ақылды құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Осындай игі бастамадан бастау алып, гимназия қабырғасында ашылған "Робототехника" үйірмесі өз жұмыстарын қысқы демалысқа да жоспарлап, жаңа бір бағытқа қадам басуда. Оқушылар сабақтан бос уақыттарында өздерінің қызығушылықтарымен үйірме жұмысын одан әрі жандандыруда.