ХІ ғасыр білімділер заманында бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде өз пәнін және педагогикалық технологияларды толық меңгерген, озық тәжірибелерді шығармашылықпен қолданған мұғалім ғана нәтижеге жетеді. Жаңа технологиялардың қай түрінің болса да нәтижелігі мен тиімділігі мұғалім шеберлігіне байланысты. Сондықтан мұғалім әрқашан ізденуін, оқуын тоқтатпау керек, тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген К.Д.Ушинский. Гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен төмендегі аталған қазіргі заманауи жаңа технологияның негізінде іс-тәжірибе тарату сабағы өтті. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Заманның ағымына сай оқу білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс жолында жүрген ұстаздардың еңбегіне толағай табыс тілейміз!