Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы»деп жариялады.
Қазақ халқы қашан да еркіндікті аңсаған. Көкте қалықтап ұшқан қырандай әр кезде еркіндікке ұмтылған. Ата-бабаларымыздан бойымызға дарыған осындай асыл қасиетіміздің биылғы жыл жаңғырып, жаңаратын кезеңі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы»деп жариялады. Осындай игі бастаманы арқау еткен гимназия оқушылары "Қоғамға қызмет" аясында гимназия ауласын қардан тазалады. Осылайша, барлық оқушылар білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектептеріне зор құрметтерін білдірді.