11
январь
2022
11.01.2022 күні директор жанындағы кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
- Таңдау курстарының өткізілу жағдай.
- Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастырылуын бақылау (үйірмелер, факультативтер, клубтар, спорт секциялары).
Таңдау курстары гимназияның оқу жоспарының вариативті оқу жүктемесінен, яғни гимназия компоненті мен элективті курстардан жүзеге асыруды көздейтін оқыту процесінде маңызды орын алады. Таңдау курстарының маңыздылығы, мақсаты және міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың оқу жөніндегі орынбасарлары тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды. Қосымша білім беру педагогы І жарты жылдық бойынша үйірме, клуб, спорт секцияларының жеткен жетістіктерін атап өтті. Қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды.
- Таңдау курстарының жүргізілуі қанағаттанарлық деп танылып, айтылған ұсыныстар жүзеге асырылып, қадағалау директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.
- Қашықтықтан өтетін таңдау курстары бойынша сабаққа кірмей қалатын оқушылармен әлі де түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынып жетекшілеріне тапсырылсын.
- Сабақтан тыс үйірме, факультатив, клуб, спорт секциялары жұмыстарына мониторинг жүргізу қосымша білім беру педагогы Г.Н.Мүбәрәкқа тапсырылып, қадағалау директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.
- Таңдау курстарының маңыздылығы туралы оқушылар тарапынан бейне-роликтер түсіріліп, жарнама түрінде гимназия ішінде таратылсын.


