"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Жақын күндері Екатерина Давлатова деген ЛОР-дәрігердің “Құлақтағы шу” атты курсын оқыдым. Сол жерде балалардағы есту қабілетінің нашарлауы жайында 1 сағаттық лекциясын тындадым және сіздермен бөлісуді жөн көрдім❤️
26
март
2022

Жақын күндері Екатерина Давлатова деген ЛОР-дәрігердің “Құлақтағы шу” атты курсын оқыдым. Сол жерде балалардағы есту қабілетінің нашарлауы жайында 1 сағаттық лекциясын тындадым және сіздермен бөлісуді жөн көрдім❤️

🔲 Есту қабілетін төмен деп қашан күдіктеміз?
▪️0 – 1 жас — дыбыстарға еш мән бермесе
▪️ 7 ай – 1 жас — атын атағанда, реакция бермейді
▪️ 1 – 2 жас — қарапайым өтінішті орындамайды (мысалы: алып кел, бер)
▪️ 3 жас — сөйлеу дамуының кешігуі бар болса
▪️ кез-келген жаста:
👉🏻 құлағын тартып, ұстай беретін болса
👉🏻 сабағында қиындықтар болса (әсіресе математика мен оқуда)
👉🏻 мектепте өзін бақытсыз сезінеді, көп ешкіммен араласпайды
👉🏻 қатты дыбыстардан кейін құлағында дискомфорт болатын болса

🔲 Қалыпты жағдайда сөйлеудің даму кезеңдері:
▪️ 0–6 ай – жылау, айқайлау. 1-3айында күлімдеу. Гуілдеу. 4 айында ересек адам оған қарап сөйлеп жатқанда, қимылдап, көзге қарап, гуілдеп реакция беру.
▪️6-12 ай – қарапайым буындар. Алғашқы кезде былдырлау бәрінде бірдей болады, бірақ 10 айдан бастап өз тіліне тән фонемаларды дыбыстай бастайды
▪️ 12-18 ай – буындарды қайталап айтады (да-да, ба-ба) және алғашқы сөздер (папа, мама т.т.)
▪️ 18-24 – 24-30 ай – екі сөз, екі сөзден сөз тіркесін құрады: зат есім + етістік
▪️ 2-3 жас – екі сөзден сөйлем құрады, күрделенеді, сөздік қоры көбейеді.
▪️ 3-4,5 жас – сөздерді қайталап, түзейді, яғни дұрыс айтуға тырысады.
▪️5-6 жас – тілді жақсы түсінеді, оқуды, жазуды белсенді меңгереді.

🟥 Есту қабілетінің нашарлауы 3 түрге бөлінеді:
— кондуктивті кереңдік (дыбысты өткізе алмайды)
— сенсоневралды кереңдік ( дыбысты қабылдай алмайды)
— есту нейропатиясы (дыбысты да өткізе алады, қабылдай да алады, алайда миға жеткізілмейді)

🔴 Кондуктивті кереңдіктің себептері:
🔺 сыртқы құлақтың патологиялары:
— даму аномалиялары
— бұлық
— қабыну
— өсінділер (остеома, экзостоз)
🔺 ортанғы құлақ патологиялары:
— даму аномалиялары
— қабыну (іріңді отит, экссудативті отит)
— жарақаттану
— дабыл жарғағының тесілуі
— түрлі өсінділер, отосклероз.

🔴 Сенсоневралды кереңдіктің себептері:
🔺 туа біткен патологиялар:
— TORCH инфекциялар (ЦМВ, токсоплазмоз, краснуха, герпес, сифилис, Зик вирусы)
— жүктілік кезінде есту қабілетін нашарлататын препараттар ішу
— даму аномалиялары
🔺 жүре пайда болған патологиялар:
— 32 аптадан бұрын немесе салмағы 1500г төмен туылған болса
— қан құюды талап еткен гипербилирубинемия
— инфекциялар (бакт.менингит, энцефалит)
— есту қабілетіне кері әсер ететін препараттар (аминогликозидтер, химиотерапия, салицилаттар)
— шудын әсері
— жарақаттану
— өсінділер

🔴 Есту нейропатиясының себептері:
— нерв талшықтарының зақымдалуы
— мидың зақымдалуы
— немесе бұның бәрі бірге жүреді👆🏻

⚫️ Кереңдіктің себебін анықтау үшін👇🏻
▪️ ата-ананы сұрастыру
▪️ аудиометрия өткізу
▪️ отоскопиямен қарау
▪️ КТ/МРТ
▪️ генетикалық зерттеулер
▪️ офтальмологтың тексерісі
▪️ ЭКГ
▪️ зәрдің жалпы анализі

✅ Балалардағы есту қабілетінің скринингі екі этаптан тұрады:
1. Перзентханаларда барлық сәбилерге аудиологиялық скрининг жасалады
2. Емханаларда баланың 3 айында, 1 жасында, 2 жасында, 3 жасында және 6 жасында жасалады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив