Коронавирус (2019-nCoV) Ол қандай вирус?

Коронавирус (2019-nCoV)
Ол қандай вирус?
Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы алғашқы 5 жағдай Уханьнан келген туристерде тіркелген. Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін. Белгілері: Қалтырау Жөтел Ентікпе Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Қалай сақтану керек? Қазіргі уақытта 2019-nCoV инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз. Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз. Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз. Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді майлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз. Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұрыңыз. Бұл көп вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер.
Коронавирус дегеніміз не?
Коронавирус жануарлар мен адамдарды зақымдайтын вирустың кең таралған түрі болып табылады. Адамның иммундық жүйесі әдетте адамдарды зақымдайтын коронавирустарды жеңе алады. Бұл вирус әдетте суық тию белгілері сияқты симптомдарды тудырады.
2019 жылы коронавирустың өршуі қалай басталды?
Аурыдың өршуі алғаш Қытайдың Ухань қаласы, Хубэй провинциясында пайда болды. Алғашқы зардап шеккендердің көпшілігі осы аудандағы теңіз өнімдері мен жануарлар нарығымен байланысты болды.Бұл осы өршудің жануарлар коронавирус нұсқасы ретінде басталғанын көрсетеді. Содан бері вирус Қытайдың басқа бөліктерінде, Азия мен АҚШ-тың кейбір елдеріндегі адамдардан табылды
Вирустың қандай белгілері бар?
Бұл вирустың белгілері пневмония белгілеріне өте ұқсас. Пневмония сияқты коронавирус та ауыр ауруды тудыруы мүмкін. Бірнеше адам осы инфекциядан қайтыс болды. Пневмония сияқты, коронавирустың ең маңызды белгілері:
* қызба және жөтел
Тағы да басқа мынандай белгілер тудыруы мүмкін:
* ентігу
* тамақтың ауруы
* мұрынның бітелуі
* бұлшықет ауырсынуы
* бас ауруы
* нашар көңіл-күй
Коронавирус кейбір адамдарда сепсис тудыруы мүмкін. Бұл ағзаның иммундық жүйесі әлсіз болған жағдайда туындайды. Сепсис белгілеріне кіреді:
* қызба
* жүрек соғуының жиілеуі
* сананың бұзылуы
* зәр шығарудың бұзылуы
* бөртпе
Көріп отырғаныңыздай, коронавирус симптомдарының көпшілігі суық тию немесе тұмау симптомдарына ұқсас. Сондықтан арнайы анализсіз коронавирусты диагностикалау қиын.
Емдеудің тиімді әдістері қандай?
Алдын алу
Адамдарға ұсынымдар:
* кеуде қуысының немесе тамақтың жедел ауруы бар немесе жөтел сияқты симптомдары бар адамдармен қарым-қатынаста болмауға тырысыңыз
* қолыңызды жиі жуыңыз, әсіресе адамдармен тікелей байланысқаннан кейін.
* ауылшаруашылық немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмаңыз.
Сіз жақында вирусты зақымданған аудандарда болсаңыз (әсіресе Ухань қаласында), және сіз ауырып қалсаңыз:
* үйде қалыңыз және басқа адамдармен қарым-қатынас болдырмауға тырысыңыз
* дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бірақ дәрігерге немесе шұғыл көмек бөліміне алдын ала қоңырау шалыңыз және оларға жақын арада саяхаттарыңыз және симптомдарыңыз туралы айтып беріңіз.
* өзіңізді нашар сезінгенше саяхаттамаңыз
* жөтел немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды салфеткамен немесе киімнің жеңімен (қолмен емес) жабыңыз
* қолды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз.
* Егер қол жуу мүмкіндігі болмаса, оларды дезинфекциялау құралымен өңдеңіз
Емдеу
Коронавирустық инфекцияны болдырмау үшін вакцина жоқ және дәрі жоқ. Коронавируспен ауыратын науқасты емдеу пневмония немесе кеуде қуысын зақымдайтын кез келген басқа вирустық инфекция сияқты.
Егер сіз ауруханада емделсеңіз, сіздің емініз болады:
* режим
* көп мөлшерде сұйықтық алу, мүмкін тамшы арқылы (көктамыр ішіне)
* оттегі (егер қажет болса)
* мұқият мониторинг.
Сізде бактериялық инфекция пайда болса, антибиотиктер тағайындалады. Егер ауру жеңіл түрде өтсе, емді үйден алуға болады.
Үй жағдайында науқасты күту бойынша ұсыныстар:
* науқас жақсы желдетілетін бөлмеде болуы керек
* Науқасты күтетін адамдар саны мүмкіндігінше шектелуі тиіс
* маскалық режим
* Науқас адамға жанасқаннан кейін қолды мұқият жуу. Қажет болса бір реттік қолғап кию.
* Ауру адам пайдаланатын кез келген майлықтарды мұқият тазалау.
* жеке сүлгі және төсек-орын жабдықтарын пайдалану
* Қолданғаннан кейін науқастың ыдысын мұқият жуу.
* Тұрақты түрде адам жанасатын кез келген заттардың бетін сүрту және зарарсыздандыру.
* Дәретхана мен ванна бөлмесінің бетін үнемі тазалау
* 60-90 ° C температурада науқастарға қолданылатын барлық киімді, төсек-орын жабдықтары мен сүлгіні жуыңыз.
Диктант
Коронавирус дегеніміз не?
Коронавирус жануарлар мен адамдарды зақымдайтын вирустың кең таралған түрі болып табылады. Адамның иммундық жүйесі әдетте адамдарды зақымдайтын коронавирустарды жеңе алады. Бұл вирус әдетте суық тию белгілері сияқты симптомдарды тудырады.
Вирустың қандай белгілері бар?
Бұл вирустың белгілері пневмония белгілеріне өте ұқсас. Пневмония сияқты коронавирус та ауыр ауруды тудыруы мүмкін. Бірнеше адам осы инфекциядан қайтыс болды. Пневмония сияқты, коронавирустың ең маңызды белгілері:
* қызба және жөтел
Тағы да басқа мынандай белгілер тудыруы мүмкін:
* ентігу
* тамақтың ауруы
* мұрынның бітелуі
* бұлшықет ауырсынуы
* бас ауруы
* нашар көңіл-күй
Алдын алу
Адамдарға ұсынымдар:
* кеуде қуысының немесе тамақтың жедел ауруы бар немесе жөтел сияқты симптомдары бар адамдармен қарым-қатынаста болмауға тырысыңыз
* қолыңызды жиі жуыңыз, әсіресе адамдармен тікелей байланысқаннан кейін.
* ауылшаруашылық немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмаңыз
Сіз жақында вирусты зақымданған аудандарда болсаңыз (әсіресе Ухань қаласында), және сіз ауырып қалсаңыз:
* үйде қалыңыз және басқа адамдармен қарым-қатынас болдырмауға тырысыңыз
* дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бірақ дәрігерге немесе шұғыл көмек бөліміне алдын ала қоңырау шалыңыз және оларға жақын арада саяхаттарыңыз және симптомдарыңыз туралы айтып беріңіз.
* өзіңізді нашар сезінгенше саяхаттамаңыз
* жөтел немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды салфеткамен немесе киімнің жеңімен (қолмен емес) жабыңыз
* қолды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз.
* Егер қол жуу мүмкіндігі болмаса, оларды дезинфекциялау құралымен өңдеңіз
науқас жақсы желдетілетін бөлмеде болуы керек