09
апрель
2022
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ кітапханасында 9-сынып ата-аналарымен кездесу өтті.
Мақсаты: “Оқуға құштар мектеп” жобасымен кеңінен таныстырып, ата-аналар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастыру, барысында кітапхана меңгерушісі Рымбосинова О.М. “Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында бейне ролик көрсетіп, “Тұлға болам” атты ұлттық сайыстың ережесімен таныстырды. “Кітап оқудың 10 артықшылығы”, “Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруда ата-аналарға арналған жадынама”, “Кітап оқудан жалықпау үшін не істеу керек?” тақырыбында жаднамалар таратылып “Электронды кітаптар” көрмесімен және “Инновациялық сқйлейтін қаламы бар Даналық әліппесімен таныстырды.
